Апталық

Химия, биология, география пәндер бірлестігі

Ақпарлама

21-25.01.2019ж күндері аралығында  мекетебімізде 5-11 сыныптарға арналған химия, биология, география пәндер апталығы өтті. Химия, биология, география пәндер бірлестігі апталығы оқушылар үшін білім алудын бір түрі ретінде ұйымдастырылды. Оқушылардың сабақта алған білімдерін толықтыруға, тереңдетуге көмек беру, сол арқылы білім деңгейін жоғарлатуға көмегін тигізеді, олардың ой-өрісінің кеңеюіне, дамуына себеп болар бір жолы. Апталық барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыз қарым-қатынас орнайтын болады және бірін-бірі жақын тануға мүмкіндік туады. 

Апталық аясында бұл пәндер бойынша оқушының танымдық қабілетін арттыру мақсатында түрлі сайыстар жүргізілді. 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз білімдерін химия, биология, география пәндерінен тереңдетті. Апталықтың ашылуы қаңтар айының 21-і күні басталды.АКТ залда «Табиғатым-тал бесігім»атты тақырыпта апталықтың ашылуы болды.Апталықта оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

 22.01.2019ж  7 «ә» сыныбына химимя пәнінен Азаматова Гүлжамал «РН шкаласы негізінде әмбебап индекатордан қолданып,сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу» атты ашық сабақ өтті. Сыныпқа тақырып алдын-ала беріліп, оқушылар қосымша материалмен дайындалып келген. Арнайы жоспар бойынша сабақта коптеген мәліметтер айтылды. Сабақ өте қызықты өтті оқушылар жарыса өздерінің жиналған материалдарын айтқысы келіп, белсенділік танытты.

22.01.2019ж  5«А»сыныбында география пәнінен Лукманова Анаргул«Су-тіршілік көзі»атты тақырыпта сайыс сабақ өткізді.Сабақ сайыс түрінде болғандықтан қызықты әрі жарыс түрінде өтті.23.01.2019ж  8-9 сыныптар арасында Азаматова Г сайыс сабақ өткізді.

23.01.19ж 10-Ә сыныбында Сейтова Г«Білгір географ» атты сайыс сабақ өткізді.Жаңа технологияны пайдалану арқылы оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Сабақ барысында оқушылар өз ойларын еркін білдіріп,қатыспаған оқушы қалмады.

24.01.2019ж 10«А» сыныбында Көкенова М биология пәнінен«Ұрықтанудың биологиялық маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрады. Балалар өте жоғары қызығушылықпен сұрақтарға жауап берді. Мұғалім сабақты түсіндіріп болғасын, жұптық жұмыстар жүргізді. Сынып бағаланып, балалар сабақтан көтеріңкі көңіл-күймен шықты.

24.01.2019ж 5«ә» сыныбында Сейтова Г«Климаттық үдерістер» тақырыбында ашық сабақ ашық сабақ өтті. Бұл сабақта оқушылар ғана емес сонымен қатар қатысушы ұстаздар да өздеріне керекті көптеген ақпараттарға қанық болғандарын айтысып жатты.

24.01.2019ж 9 «ә» сыныбында Лукманова А «Жеңіл өнеркәсіп» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ өз деңгейінде өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.

Осы апталық барысында ашық сабақпен қатар сыныптан тыс шара өткізу жоспарлан болатын. Атап айтсақ, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!»,

«Интеллектуалды ойын»,  «Кім көп біледі?» «Сынып лидері», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Табиғат таңғажайыптары!»   атты сыныптан тыс шаралар өткізілді.  Сонымен қатар, «Қабырға газет сайысы» Оқушылар  дал осы сайыстар көбірек болса деп, өз ұсыныстарын білдірді. Дегенмен бір апталық шеңберінде барлық оқушыларды қызықтырып, оқу үдерісіне баулу мүмкін емес, сондықтан жыл бойы мұғалімдер осы дәстүрлі сайыстар мен ойындарды жалғастырады.

25.01.19ж күні апталық жабылуы АКТ залда өтті.Апталықта оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

Сайыс жеңімпаздары,апталыққа белсене қатысқан сыныптар апталық соңында марапатталды.

Қоғамның ілгерілеуі – білімге тәуелді. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Білім – адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі. «Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек» екенін өткен ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы көрегенділікпен айтып кеткен. Жас ұрпаққа саналы білім беріп, саламатты өмір салтын үйрету қазіргі қоғамның басты мәселесі. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, іргесі берік болуына білім саласының сапасы тыңғылықты ықпал етеді. Осы бағытта Елбасының бастамасым ен білім саласында қажырлы еңбектер жалғасуда.

Жарияланған күні: 25-01-2019  

Соңғы жаңалықтар

Денсаулық баршаға ұранмен!!!

Денсаулық баршаға ұранмен!!!  ...

05 сәуір 2019
Дін және діни радикализм.

Дін және діни радикализм.Мектебімізде "Дін және діни радикализм" тақырыбында облыстық діни басқар ...

02 сәуір 2019
IT - сынып

IT-сыныпта анимациялық фильмдер жасауға, робототехниканың қыр-сырын үйренуге, 3D нысандар мен вирту ...

23 қаңтар 2019
ЖАҢА 2019-жыл

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас ...

28 желтоқсан 2018
Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара ...

14 желтоқсан 2018