Досов Асқар Аққалиевич

 

Досов Аскар Аккалиевич 1961 жылы 29 сәуірде Орал облысы, Фурманова ауданы, Көктерек селосында дүниеге келген.

Әкесі мен анасы мектеп басшылары қызметін атқарған.

1984 жылы Орал қаласындағы педагогикалық институттың биология және география факультетін бітірген.

Еңбек жолын туған жері Көктерек селосында мұғалім болып бастаған.

1995 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласына көшіп келіп, қала мектептерінде мұғалім қызметін жалғастырған.

1999 жылы Ақтаудағы «экономикалық лицейіне» мұғалім, кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалады. Ол лицейдің материалдық-техникалық базасын жақсарту, тағы да басқа ұйымдастырушылық жұмыстарына жан аямай жұмыстану мен қатар қала, облыс көлемінде де әділ - қазылар алқасы болып , көптеген қоғамдық шараға белсене қатысты. Жоғары ұйымдастырушылық қасиетімен көзге түскен Асқар Аққалиулы  2001 жылы «№24 орта мектепке» мектеп директоры қызметіне тағайындалып, 2010 жылға дейін өз қызметін абырайлы атқарды.

2010 жылдың 3-қыркүйегінен бастап Ақтау қаласындағы «№5 гимназия сыныптары бар жалпы білім беру орта мектебі» КММ-не директор болып тағайындалды.

Бұл мектептің оқу-тәрбие жұмыстарын жолға қойып, 2017 жылдың қыркүйегінде мектепте Нұртас Оңдасынов атындағы музейді облыс көлемінде үлкен ұйымышылықпен ашып, мектеп мерейін көтерді.

  «№5 орта мектепте» 2016-2017 оқу жылына дейін қызмет атқарып, 2017-2018 оқу жылында қаладағы «№15 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-не директоры болып ауысты. Екі жыл ішінде  №15 орта мектептің білім сапасын көтеріп, оқушылар мен мұғалімдер түрлі сайыстардан жүлдемен оралып жүр.

  Мектеп директорының жеке марапаттары:

1. 2018ж. Ақтау қаласының әкімі Ақтау қаласының әлеуметтік-эканомикалық дамуына қосқан үлесі үшін. «Ақтау қаласының 55 жылдық медалі»

2. 2017 ж. Маңғыстау облысының әкімі «Құрмет грамотасы» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Маңғыстау облысының әлеуметік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін.

3. 2017 ж. «ӨРЛЕУ» Біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Ақтау қаласы. «Алғыс хат» «Оқушылардың математикалық танымдық қызығушылығын ойын әрекеттері арқылы дамыту» тақырыбында өткен облыстық әдістемелік семинарға белсене қатысып,білім мазмұнын жаңартуда басшылық бағыт беруде белсенділік көрсеткені үшін.

4. 2017 ж. Маңғыстау облысының білім басқармасы Алғыс хат берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін.

5. 2015 жылы білім жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметі үшін облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Аскар Аккалиевич №15 орта мектепке өлкеміздің алғашқы әйел басшыларының бірі , қоғам қайраткері Ибаш Жанболатованың атын алып беруге және осы алғашқы абзал ұстазға арналған музейді мектеп қабырғасында ашуға үлкен еңбек сіңірді.

Мектеп басышысының ұйымдастыруымен  мектеп ауласына Ибаш Жанболатованың ескерткіш - мүсіні орнатылды.

Музейдің ашылуы - облыс көлемінде өткен игі шаралардың бірі болды.

 

Соңғы жаңалықтар

Денсаулық баршаға ұранмен!!!

Денсаулық баршаға ұранмен!!!  ...

05 сәуір 2019
Дін және діни радикализм.

Дін және діни радикализм.Мектебімізде "Дін және діни радикализм" тақырыбында облыстық діни басқар ...

02 сәуір 2019
IT - сынып

IT-сыныпта анимациялық фильмдер жасауға, робототехниканың қыр-сырын үйренуге, 3D нысандар мен вирту ...

23 қаңтар 2019
ЖАҢА 2019-жыл

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас ...

28 желтоқсан 2018
Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара ...

14 желтоқсан 2018