Ата-аналар назарына‼️

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі.

 Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 

6 жасқа толатын балалар қабылданады. 

❗️Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар. 

❗️Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі. 

❗️Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады. 

❗️Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс  құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ. 

❗️Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы № 063/у нысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады.

❗️Гимназия, лицейлерден басқа мектептердің барлығы балаларды мектепке еш түсу емтиханысыз қабылдайды.

2021-2022 оқу жылында республика бойынша бірінші сынып оқушыларының болжамды контингенті 340 мыңнан асады деп күтілуде. 

Жарияланған күні: 26-03-2021  



26-03-2021  

Вниманию родителей‼️

icon

26-03-2021  

Ата-аналар назарына‼️

icon

09-03-2021  

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті.

icon

01-03-2021  

1 сыныпқа құжат қабылдау

icon

22-12-2020  

«Зерде» бойынша қашықтықтан республикалық ғылыми жобалар конкурсы

icon

13-12-2019  

Тәуелсіздік - тұғырым!

icon

10-12-2019  

Сабақты зерттеу - кәсіби шеберлік!

Сабақты зерттеу - кәсіби шеберлік!Әр педагогтың негізгі мақсаты - өз кәсіби деңгейін дамытып отыру. Ал бұл жұмыстың ең тиімді әрі қол жетімді екі түрі бар. Біріншісі, сабақтарды бірлесе жоспарлау және өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мен сапасын арттыру мақсатында талдау мен талқылау. Осы екі әрекетті де қамтитын бірден-бір құрал - сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі. Осы мақсатта Ақтау қаласы Ибаш Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта мектепте білім алушылардың айтылым, жазылым дағдысын жақсарту тақырыбында зерттеу тобы құрылып, зерттеу сабақтарын өткізуде. Мектеп тренері - Садвакасова Алия, зерттеу топ мүшелері: Сүйесинова К, Саттыгулова Г, Нурмуханова У, Сражадина Р, Қосжанова Т. 10 - желтоқсан 3"Б" зерттеу сыныбында өткен "Сәулетті біздің Алматы" атты зертеу сабағына Жапониядан келген Тoshiya Chichibu, ПШО басшысы Қатира Қарасаева, тренер Қайрат және мектеп әдіскерлері қатысты. 

15-11-2019  

Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ

icon

19-10-2019  

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»


05-04-2019  

Денсаулық баршаға ұранмен!!!

iconДенсаулық баршаға ұранмен!!! 

Соңғы жаңалықтар